«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бүгін – Көрісу күні

14 наурыз қазақ халқы үшін жылдың басы саналған. Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі басталды. Онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады, — — деп хабарлады turkystan.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында Наурыз мейрамын тойлау «Көрісу күні – Амал мерекесінен» бастау алады.

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». 
Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.

15 наурыз – Қайырымдылық. Яғни қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арналады.

16 наурыз – Шаңырақ. 
Бұл күнді отбасы құндылықтарын дәріптеуге арнау ұсынылады.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. 
Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.

18 наурыз – Ұлттық киім күні. 
Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер көрсетілімін өткізуге ерекше назар аудару ұсынылады.

19 наурыз – Жаңару. 
2019 жылдың дәл осы күні еліміздің жаңа тарихында мемлекет пен қоғамда түбірлі өзгерістер басталған бетбұрысты сәтке айналды.
Күн райының ыңғайына қарай осы күні ағаш отырғызу, қоршаған ортаға қамқорлық танытып, тазалық жұмыстарына көңіл бөлінеді.

20 наурыз – Ұлттық спорт. 
Бұл күні ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастыру ұсынылады.

21 наурыз – Ынтымақ. 
Бұл күні елді мекендерде қолөнершілер жәрмеңкесін, мерекелік концерттер, ұлттық спорт түрлері бойынша бұқаралық жарыстар, шығармашылыққа арналған open space аймақтары, ұлттық тағамдардың гастрофестивалі, мерекелік сауда-саттық, жәрмеңкелер және т.б. іс-шарала өтеді.

22 наурыз – Жыл басы.
Осы күні орталық алаңдарда мәдени-көпшілік іс-шаралар, спорт сайыстары өтеді.

23 наурыз – Тазару.
Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізу жоспарланып отыр.

Көрісу – жылылық пен жанашырлыққа толы мереке. Ежелден 14 наурыз қазақ халқы үшін жылдың басы саналған. Дәстүр бойынша, көктемгі күн мен түннің теңелуінен тура бір апта бұрын ата-бабаларымыз малын түгендеп, ұзақ қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қауышып, Наурыз мерекесін тойлауға дайындалған.

«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.

14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады.

Ұқсас ақпараттар

25 қазан — Республика күні болып белгіленді

admin_mugalzhar

Елімізде 12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер алғаш рет тестілеуден өтеді

admin_mugalzhar

Димаштың «Stranger» атты жеке концерті Малайзияда өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.