«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС БИШІЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ЕМБІ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН «БИ ДУМАНЫ 2026» АУДАНДЫҚ ДӘСТҮРЛІ БИ БАЙҚАУЫ ЖАС ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ ТАЛАНТЫН ТАНЫТҚАН ЕРЕКШЕ ШАРА БОЛДЫ. 3 ПЕН 15 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚАТЫСҚАН БАЙҚАУДА АУДАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН БИШІЛЕР ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ.
Аталған байқауда Жем қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Аршат» бишілер тобы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Топ мүшелері сахнада өздерінің шеберліктерін, би мәдениетін және ұйымшылдықтарын көрсете білді. Көрермендер мен қазылар алқасы жас би шілердің орындау мәнеріне жоғары баға берді.
Байқау барысында «Аршат» тобы ұлттық және заманауи би элементтерін үйлестірген ерекше композиция ұсынып, өнерсүйер қауымның ықыласына бөленді. Әсіресе, бишілердің сахнадағы еркін қимылы, ырғақты дәл сезінуі және көркем образдары олардың тыңғылықты дайындалғанын аңғартты. Би жетекшісі Гүлзамира Тәжіғұлованың кәсіби еңбегі мен балаларға берген тәлім-тәрбиесінің нәтижесінде ұжым аудандық байқауда топ жарып, үлкен жетістікке жетті. Бұл жеңіс – жас өнер паздардың қажырлы еңбегі мен өнерге деген сүйіспеншілігінің жемісі.

Ұқсас ақпараттар

ТӨЛЕУБҰЛАҚ ҮҢГІРІ ПЕТРОГЛИФКЕ БАЙ

admin_mugalzhar

Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar