«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЛДЫСАЙДА МАЛ БАСЫН ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Соңғы жылдары мал тұқымын асылдандыруға ден қойған мұғалжарлық малшылар қауымы қолдан ұрықтандыру әдісін тиімді қолдануда.

Мұғалжар ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен Талдысай ауылы тұрғындарының мал басының сапалық құрамын жақсарту мақсатында ақбас ірі қара тұқымымен жасанды ұрықтандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 61 ірі қара малы қолдан ұрықтандырылды.

Бұл шара мал шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал басын көбейтуге және жоғары сапалы төл алуға бағытталған.

Талдысай ауылында ұйымдастырылған қолдан ұрықтандыру процессі Ақтөбе қаласынан келген мал дәрігері Болат Өтемұратовтың бақылауымен атқарылды.

Алдағы уақытта бұндай жұмыстар барлық ауылдарда жалғасатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

admin_mugalzhar

Бірлігі жарасқан ел – берекелі болашақтың кепілі

admin_mugalzhar

8,5 млн теңге: Медицина қызметкерлеріне біржолғы төлем беріледі

admin_mugalzhar