«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бірлігі жарасқан ел – берекелі болашақтың кепілі

Халқымыздың бірлігі мен татулығы – мемлекетіміздің ең берік тұғыры. Қоғамда өзара сыйластық пен түсіністік салтанат құрған кезде ғана елдің іргесі берік, болашағы нұрлы болады. Бірлігі жарасқан ел әрқашан қиындықтарды еңсеріп, дамудың жаңа белестеріне көтеріледі. Осындай ынтымақ пен ауызбіршілік – берекелі болашақтың басты кепілі.
Бүгінде Қазақстан көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет ретінде татулық пен келісімді сақтап отыр. Бұл – ел дамуының негізгі факторы. Халықтың достығы мен ынтымағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Әрбір азаматтың болашағы ел ішіндегі ауызбіршілікке тікелей байланысты.
Бірлігі жарасқан халық қашан да мықты мемлекет құрады. Ынтымақ болған жерде ел экономикасы дамып, мәдениет гүлденеді, ғылым ілгерілейді. Қазақстанның әлемдік аренадағы беделінің артуы да – ішкі бірлік пен татулықтың нәтижесі.

Эмилия Кондратенко, «Святло» Ақтөбе облысы поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы

Ұқсас ақпараттар

Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

admin_mugalzhar

Экономикалық даму және серпінді жобалар

admin_mugalzhar

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді

admin_mugalzhar