«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАН ТҮЛЕКТЕР

Қандыағаш қалалық №4 гимназиясында 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат табыстау рәсімі өтті.

Түлектер үшін ерекше маңызға ие болған салтанатты шараға Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Қандыағаш қаласының №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Қарасай Омаров, ардагер ұстаздар, ата-аналар мен мектеп ұжымы қатысты.

Шара барысында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, олардың алдағы өмір жолына сәттілік тіледі. Сонымен қатар білім мен еңбектің арқасында ғана биік белестерді бағындыруға болатынын атап өтіп, жас түлектерге ақжарма тілегін жеткізді.

Салтанатты жиында мектеп директоры түлектерге аттестаттарын табыстап, оқу озаттары мен мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдірді. Қандыағаш қаласының №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Қарасай Омаров та түлектерге ақжарма тілегін арнады. Ол жастарды алған білімдерін ел игілігіне жұмсап, қай салада жүрсе де табанды еңбек пен жауапкершілікті серік етуге шақырды.

Сондай-ақ түлектердің алдағы өмір жолында биік белестерді бағындырып, туған жердің мақтанышына айналатынына сенім білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

admin_mugalzhar

Облыстағы білім беру мекемелері жаңа оқу жылына дайын

admin_mugalzhar

Президент АҚШ компанияларын еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды

admin_mugalzhar