Аудандық прокуратура ғимаратында аудан прокуроры Ерназар Алдияр, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов, аудандық кәсіпкерлерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің кәсіпкерлік секторының меңгерушісі Нұрсұлтан Тайтақов инвесторлар мен кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында инвесторлар мен кәсіпкерлер өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Аудан прокуроры Ерназар Алдияр әрбір кәсіпкердің мәселесін мұқият тыңдап, олардың құқықтары мен мүдделерін заңдылық тұрғыдан қорғауға, кәсіпкерлердің мәселелерін шешу жолында бірлесе жұмыс істеуге дайындықтарын білдірді.

