«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент Үкіметке елдегі денсаулық сақтау ғимараттарын жаңартуды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тұтас денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинаталды орталықтар бой көтеріп келеді.

– Дегенмен алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет, – деді Президент

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның Бас прокуроры балалардың арасындағы суицид толқыны жайында мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

ТЕМІР ЖОЛ: ОЛАР –ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАУАПТЫ

admin_mugalzhar

Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

admin_mugalzhar