«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕКТЕП АСХАНАСЫ: ТАЗАЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА

Оқу жылының басында Маңғыстау облысындағы мектептердің бірінде орын алған жаппай тамақтан улану оқиғасынан кейін ел бойынша барлық мектеп асханаларында санитариялық мамандар тазалық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыс аудан аумағында да жүзеге асуда.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды тұлғалардың, оқушылардытамақтандыру қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлердің негізгі міндеттерінің бірі екенін айтады.

Бүгінде аудан мектептерінің асханаларында бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балалары үшін ыстық тамақ беріледі. Шамамен 6000-ға жуық бала ыстық тамақ ішеді. Біз осы орайда халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімінің мамандарымен бірлесіп, аудандағы мектеп асханаларында асхана қызметкерлеріне және жалға алушыларға, мектеп асханаларында санитариялықэпидемиологиялық талаптардың сақталуы туралы және оқушылар арасында жаппай тағамнан уланудың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіліп, түсіндірмелер берудеміз. Ал тексеру жұмыстарына келетін болсақ, біз прокуратураның шешімінсіз, негізсіз жүргізе алмаймыз, — деді Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Суданда 720 мың адам су тасқынынан зардап шекті

admin_mugalzhar

Қазақстанда 2022 жылғы діни күндер кестесі белгілі болды

admin_mugalzhar

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақтың тағамдары шетелдік қонақтарды баурап алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.