«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ — ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАР

Аудан әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидасын қоғамда кеңінен насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында әдістемелік семинар өтті.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Рустам Ахметовтың төрағалығымен өткен семинарға округ әкімдері, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Әдістемелік семинар барысында тұжырымдаманың негізгі қағидаттары, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді. Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мен халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар заң мен тәртіп идеоло­гемасын ілгерілету үшін қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз ету, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, құқықтық тәртіпті нығайту және қауіпсіз орта құру керек екендігі айтылды.

Ұқсас ақпараттар

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

САҒАТТАП КЕЗЕКТЕ ОТЫРСАҚ, ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar