«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАППАЙ УЛАНУ ОРЫН АЛДЫ

Ауданның бас санитариялық дәрігері Ерлан Мұратовтың берген мәліметінше, сырқаттанғандардың барлығы медициналық ұйымдарға жатқызылып, қажетті ем-дом қабылдауда. Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайын дәрігерлер бақылап жатыр.

Оқиғаның себептері мен таралу жолдарын анықтау мақсатында эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Қоғамдық тамақтану нысанынан, тағам өнімдерінен және қоршаған орта объектілерінен сынамалар алып, зертханалық зерттеуге жібердік. Сондай-ақ эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру үшін аталған қоғамдық тамақтану нысанының қызметі уақытша тоқтатылды. Нысан жұмысы тексеру нәтижелері мен жағдайдың барлық мән-жайы анық талғаннан кейін қайта қаралатын болады, — деді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Бүркітұлы.

Қазіргі таңда жауапты мекемелер жағдайды бақылауда ұстап отыр. Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта Мұғалжар аудандық ауруханасында 100-ден астам науқас ем қабылдауда. Айта кетейік, мамандар тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақтанар алдында қолды жуу керектігін, көгерген, қышқыл иісі бар күдікті өнімдерді, герметикалығы бұзылған консервіленген өнімдерді және қақпағы ісінген консервілерді пайдалануға болмайтынын, көкөністер, жемістер мен жидектерді қолданар алдында жақсы лап шаю қажеттігін айтып, дабыл қағуда.

Сондай-ақ жұмыртқаларды пісірер алдында сабынды-сода ерітіндісімен өңдеп, ағынды сумен жуу және шикі етті турағаннан кейін пышақтарды, кесу тақтасын мұқият жуып, санитарлық гигиенаның басқа ережелерін сақтау да өте маңызды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Елена Рыбакина Australian Open чемпионатының финалына шықты

admin_mugalzhar

Бүгін – Алғыс айту күні

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar