Құрметті Мұғалжар ауданының тұрғындары!
«Nur Otan» Мұғалжар аудандық филиалы партиялық кадрлық резервке іріктеу басталғанын хабарлайды.
Егерде сіз аудан тағдырына бей жай қарай алмайтын болсаңыз және оны өзгертуге талпынсаңыз – сізді іріктеуден өтуге шақырамыз.
Іріктеуге жасы 20 – дан асқан, сотталмаған, Мұғалжар ауданында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Партиялық кадрлық резервтің іріктеуіне тек қана партия мүшелері емес, сонымен қатар партия қатарын толықтыруға ниетті азаматтарда қатыса алады.
Қалай қатысуға болады:
1 қадам. «Nur Otan» партиясының сайтына кіріп, «Партиялық кадрлық резерв» бөлімінде тіркелу;
2 қадам. Іріктеуге қатысушының арызын қалдыру;
3 қадам. Барлық қажетті құжаттарды сайтқа жүктеу: жеке куәлік, партия мүшесінің куәлігі (болған жағдайда), психо-наркодиспансерлерден анықтама, сотталғандығы болмағандығы туралы анықтама;
Сонымен қатар құжаттарды тікелей Қандыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданы, 51 үй мекен жайында орналасқан Мұғалжар аудандық партия филиалына (ұйымдастыру комитеті) әкеліп тапсыруға болады.
Байланыс телефоны — 8 (71333) 3-02-76.
Арыздар 2019 жылдың 28 қазан мен 4 қараша аралығында қабылданады.