«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Кадрлық резервке белсенділер іріктелуде

 «Nur  Otan» партиясының Мұғалжар аудандық филиалында партиялық кадрлық резервке іріктеу науқаны басталды. Партиялық кадрлық резервке іріктеу  Ақтөбе облысы бойынша қанатқақты жоба ретінде тек Мұғалжар ауданында ғана жүзеге асырылып отыр. Бүгін осы аталған жайтқа байланысты партияның аудандық филиалында арнайы брифинг өтті.

Брифинг барысында «Nur Otan» партиясының Мұғалжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Көмекбай Бектұрғанов партиялық кадрлық резервке іріктеуге қатысуға арыз беру тәртібі және ядролық электораттың қалыптасуы жайын баяндады. Айтуынша, жоба биылғы жылдың тамыз айында Партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ұсынылған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында  жүргізілуде.

Кадрлық іріктеудің мақсаты —  партия қатарындағы белсенді азаматтарды топтастыру, жергілікті тұрғындардың жағдайын, мұң-мұқтажын білетін жаңа көшбасшыларды жасақтау. Бұл іріктеуге аудан өміріне бей-жай қарамайтын, керісінше дамуына өзіндік үлесін қосуға ниетті жасы 20-дан асқан, партия мүшелерінің қатарында бар немесе партия қатарына кіруге ниетті ауданның азаматтары қатыса алады. Іріктеуге қатысу үшін біріншіден, «Nur Otan» партиясының ресми сайтындағы партиялық кадрлық резерв бөліміне тіркелу, екіншіден, іріктеуге қатысуға арыз беру, үшіншіден, қажетті құжаттарды сайтқа тіркеу керек. Қажетті құжаттар тізбесінде жеке кәулік, партиялық билеттің нөмірі мен өзге де құжаттар бар. Аталған құжаттарды  партияның Мұғалжар аудандық филиалына да тапсыруға болады. Ол үшін Қандыағаш қаласы, «Самал» мөлтек ауданы, 51 мекен жайы бойынша аудандық партия филиалында орналасқан ұйымдастыру комитетіне әкеліп, қажетті құжаттарды тапсыру қажет. Арыздарды қабылдау мерзімі бүгіннен бастап, яғни қазан айының 28-нен 4-ші қарашаны қоса алғандағы мерзімде өткізіледі, — деді Көмекбай Бектұрғанов.

 Оның айтуынша, бүгінде аудандық филиалдың 23 партия ұйымында 2147 партия мүшесі бар. Айта кету керек, 115 адам жыл басынан бері партия қатарына қабылданған. Ал соңғы жүргізілген іріктеуге байланысты 697 адам партия қатарынан шығарылды.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті

admin_mugalzhar

к 175-летию Абая: 175 КМ ПОХОДА

admin_mugalzhar

В районе новый зам

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.