«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАЛЫҚ ҮШІН ЕҢБЕК, БОЛАШАҚ ҮШІН ӘРЕКЕТ!

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат БАЙМҰРАТОВА ГҮЛСЕЗІМ МУФТУЛЛАҚЫЗЫ
Өзі-өзі ұсынушы

ӨМІРБАЯН
Мен, Баймұратова Гүлсезім Муфтуллақызы, 1984 жылғы 27 тамызда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосында дүниеге келдім.
2001 жылы мектепті аяқтап, сол жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне оқуға түстім. 2007 жылы ағылшын тілі мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Сонымен қатар Алматы қаласындағы Халықаралық көлік-гуманитарлық университетін «Көлік қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша сырттай тәмамдадым. 2024 жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналыстым. 2024 жылдан бастап Қандыағаш қалалық жасөспірімдер кітапханасында кітапханашы қызметін атқарып келемін. Қызметіме жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қараймын.
2007 жылы тұрмыс құрдым. Қазіргі уақытта үш баланың анасымын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Кітапхана саласында еңбек ете жүріп, қоғамның дамуы білімді ұрпақпен, рухани құндылықтарды құрметтеумен және халықтың мәдени деңгейін көтерумен тығыз байланысты екенін түсіндім. Бүгінде заман өзгеріп, ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келеді. Осындай кезеңде кітапханалардың жұмысын жаңғырту, ауыл тұрғындарының білім мен ақпаратқа қолжетімділігін арттыру, жастардың кітап оқуға қызығушылығын ояту – маңызды міндеттердің бірі.
Менің мақсатым – ауданымыздың мәдени және рухани дамуына үлес қосу, кітапхана саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бастамаларды қолдау, жастар мен балалардың білімге деген құштарлығын арттыру. Осы мақсатта мәдениет, білім, кітапхана ісі, жастар тәрбиесі, цифрландыру және ауылдарды дамыту бағыттарын қамтитын сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын.

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ – ҚОЛАЙЛЫ ӨМІР СҮРУ ОРТАСЫ
Қала көшелеріндегі жолдардың сапасын жақсарту, шұңқырларды жөндеу және асфальт төселмеген көшелерді кезең-кезеңімен қамту мәселесін көтеруге;
Жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарларды ретке келтіру, қауіпсіз қозғалыс жағдайын қалыптастыруға;
Көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жетілдіру, жарықсыз қалған аумақтарды анықтауға;
Аулаішілік жолдар мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға ықпал етуге;
Балалар ойын алаңдары мен тұрғындардың демалыс орындарын көбейтуге;
Қоғамдық көлік қатынасының қолжетімділігі мен сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Қаладағы аялдамаларды жаңарту және олардың қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мәселесін көтеруге;
Қоқыс жинау, тұрмыстық қалдықтарды шығару және арнайы контейнерлердің жеткілікті болуын бақылауға;
Көгалдандыру жұмыстарын жандандырып, ағаш отырғызу мен жасыл аймақтарды көбейтуге қолдау көрсетуге;
Қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін орнату және қауіпсіздікті күшейтуге

КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
Балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға;
«Бір айда – бір кітап» жобасын жүзеге асыруға бастамашылық етуге;
Оқушылар арасында кітап оқу байқаулары мен әдеби сайыстар ұйымдастыруға;
Кітап оқуды насихаттайтын аудандық акциялар мен кездесулер өткізуге;
Жас оқырмандар клубтары мен әдеби үйірмелердің жұмысын жандандыруға;
Қазақ әдебиеті мен ұлттық мұраны насихаттауға басымдық беруге;

ЦИФРЛЫҚ КІТАПХАНА – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Кітапхана қорын цифрландыру жұмыстарын қолдауға;
Электронды кітаптар мен аудиокітаптарды пайдалануға мүмкіндік жасауға;
Оқырмандарға электронды каталогтармен жұмыс істеуді үйретуге;
Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды кітапхана қызметіне енгізу мүмкіндіктерін қарастыруға;

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚОЛДАУ
Кітапханашылар мен мәдениет қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесін көтеруге;
Мәдениет саласы мамандарының әлеуметтік жағдайына назар аударуға;
Үздік кітапханалық жобалар мен бастамаларды қолдауға;
Кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыруға;
Ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыруға ықпал етуге;

ЫҚПАЛ ЕТЕМІН!

Құрметті қала тұрғындары!
Мен үшін ең бастысы – халықпен бірге болу, тұрғындардың ұсынысын тыңдау және ел игілігіне қызмет ету.
Білімді ұрпақ – ел болашағы, рухани бай қоғам – ұлт байлығы. Ортақ мақсатымыз жолында бірге еңбек етейік!

Ұқсас ақпараттар

Kaspi.kz тегін жеткізуге арналған Kaspi Postomat желісін іске қосты

admin_mugalzhar

ТЕРМОЖАҢҒЫРТУ: 11 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

Испания араға 16 жыл салып Әлем чемпионы атанды!

admin_mugalzhar