«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Kaspi.kz тегін жеткізуге арналған Kaspi Postomat желісін іске қосты

Бұрын клиенттер зат сатып алған соң есіктен есікке дейін жеткізуді таңдайтын. Бірақ кейбір тұтынушыларға жеткізу уақытын келісіп, үйінде курьерді күтуді ыңғайсыз болып шықты. Сондықтан Kaspi.kz сүйікті тұтынушыларына жеткізудің жаңа инновациялық әдісі – Kaspi Postomat-ты ұсынды. Енді сіз жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізуге тапсырыс беріп, сатып алған затты өзіңізге ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.
Kaspi Postomat – Kaspi.kz-тегі Магазиннен тауарларды қабылдауға арналған құрылғы.

«Біз сүйікті тұтынушыларымыз үшін үнемі инновациялық қызметтерді жасаймыз. Енді біздің интернет-дүкеннен сатып алған затты Kaspi Postomat көмегімен үйге қайтар жолда, өзіңізге ыңғайлы уақытта ала аласыз. Тапсырысты алу үшін Kaspi Postomat экранындағы Kaspi QR сканерін сканерлеу жеткілікті, қорапша бірден сиқырлы түрде ашылады. Барлығы қарапайым және ыңғайлы. Бізді жаңашылдыққа шабыттандырғаны үшін сүйікті клиенттеріміздің әрқайсысына алғыс айтамыз. Біз өмірді жақсартатын инновациялық қызметтермен ары қарай да қуанта береміз!», – деді Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.
Қазақстанда қазірдің өзінде 1000-ға жуық Kaspi Postomat, оның ішінде 350 құрылғы Алматыда орнатылған. Олар Kaspi.kz филиалдарында, сауда және бизнес орталықтарында, үй маңындағы дүкендерде және жанармай құю бекеттерінде орналастырылған.

Kaspi Postomat арқылы жеткізуді Kaspi.kz-тегі интернет-магазинде сатып алу кезінде таңдауға болады.
Kaspi Postomat-тағы тапсырыстардың қауіпсіздігі өте берік. Барлық құрылғылар тәулік бойы бейнебақылауда, әрбір ұяшық бірегей электронды құлыппен жабдықталған. Тапсырысты алу үшін Postomat экранындағы Kaspi QR-ды сканерлеу керек және тапсырысыңыз жазылған ұяшық автоматты түрде ашылады.

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕП АВТОБУСЫ: БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ҚОЛА ТҮСТІ ҚОРЖЫНҒА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.