«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАР ҮНІ, ЕЛ МҮДДЕСІ – ОРТАҚ МАҚСАТ

№7 Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ШОТОВА ӘСЕМ САБЫРҒАЛИҚЫЗЫ
Өзін-өзі ұсынушы

ӨМІРБАЯН
Мен, Шотова Әсем Сабырғалиқызы, 2003 жылғы 30 қыркүйекте Ақтөбе қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Отбасындағы тұңғыш бала болғандықтан, кішкентай кезімнен жауапкершілікті сезініп, бауырларыма қамқор болуды үйреніп өстім.
2010 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2019 жылы орта мектепті тәмамдадым. Сол жылы Бәйішев атындағы колледжге оқуға түсіп, 2023 жылы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алдым.
Еңбек жолымды 2025 жылғы 1 сәуірде Мұғалжар аудандық «Белсенді өмір орталығы» КММ-де мейірбике қызметінен бастадым. Қазіргі уақытта аталған мекемеде еңбек етіп келемін. Қызмет барысында өзімді жауапты, сабырлы әрі еңбекқор маман ретінде қалыптастырып келемін. Әсіресе, аға буын өкілдеріне қамқорлық көрсету, олардың денсаулығына көңіл бөлу және күнделікті өміріне қолдау көрсету – жұмысымның негізгі бағыты.
Кәсіби міндетімді адал атқарып, білімім мен біліктілігімді үнемі жетілдіруді мақсат етемін. Өмірлік ұстанымым – адал еңбек ету, адамдарға жақсылық жасау және қоғамға пайдамды тигізу.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Мұғалжар ауданы – біздің ортақ үйіміз. Оның тазалығы, көркеюі, тұрғындардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайы әрқайсымыз үшін маңызды. Қалада шешімін күткен мәселелер де, жүзеге асуын қажет ететін жақсы бастамалар да бар.
Менің мақсатым – тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, олардың ұсыныстарын тиісті орындарда көтеру, әсіресе денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, қарттарға қамқорлық және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттарына үлес қосу.
Мен үлкен өзгерістер құрғақ уәдеден емес, нақты істерден басталатынына сенемін. Сондықтан халықпен тығыз байланыста болып, әрбір мәселенің шешілуіне өз үлесімді қосуға ниеттімін.

ДЕНІ САУ ҚОҒАМ – ДАМЫҒАН ҚАЛАНЫҢ КЕПІЛІ
Қала тұрғындары арасында аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау шараларын көбейтуге ықпал етуге;
Тұрғындарға қан қысымын өлшеу, алғашқы көмек көрсету және денсаулықты күту жөнінде ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастыруға бастамашылық жасауға;
Аурудың алдын алу және медициналық тексеруден уақытылы өту мәдениетін қалыптастыруға;
Медициналық мекемелердегі қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігіне қатысты тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тиісті орындарға жеткізуге;
ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Қарт адамдарға арналған әлеуметтік және мәдени іс-шаралардың санын арттыруға ықпал етуге;
Жалғызбасты зейнеткерлерге қолдау көрсету бағытындағы еріктілер қозғалысын дамытуға;
Аға буын өкілдерінің бос уақытын тиімді өткізуіне, спорттық-сауықтыру шараларына қатысуына жағдай жасау мәселесін көтеруге;
Қарттардың өтініштері мен әлеуметтік мәселелерінің назардан тыс қалмауына атсалысуға;
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
Қала көшелерінде, қоғамдық орындарда және әлеуметтік нысандарда кедергісіз орта қалыптастыру мәселесін көтеруге;
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық көлік пен әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін жақсартуға ықпал етуге;
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен олардың отбасыларының өтініштерін тиісті мекемелерге жеткізуге;
Әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпараттың тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз етуге атсалысуға;
ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жасөспірімдер арасында жеке гигиена, дұрыс тамақтану және денсаулықты сақтау мәдениетін насихаттауға;
Жастарға арналған спорттық және сауықтыру шараларын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелеріне назар аударуға;
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС
Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың мәселелерін назарға алуға;
Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуге;
Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тұрақты тыңдап, олардың шешілуіне ықпал етуге;
Қаладағы өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, тиісті мекемелермен бірлесе жұмыс жүргізуге;
ҚАУІПСІЗ ӘРІ ЖАЙЛЫ ҚАЛА
Аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мәселесіне назар аударуға;
Балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарының қауіпсіздігін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы мен тротуарлардың жағдайын жақсарту мәселесін көтеруге;
Тұрғындар арасында тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруға атсалысуға
ЫҚПАЛ ЕТЕМІН!
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қаламыздың көркеюі мен тұрғындардың әл-ауқаты артуы – баршамызға ортақ міндет. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болса, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін.
Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз мен үшін үлкен жауапкершілік.

Ұқсас ақпараттар

ПЬЯНЫЙ ЗА РУЛЕМ — ПРЕСТУПНИК!

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ядролық медицина орталығы салынады

admin_mugalzhar

ИСЛАМДА ДӘСТҮР ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛАДЫ?

admin_mugalzhar