«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде ядролық медицина орталығы салынады

Астана қаласында жаһандық инвестициялар бойынша жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес, инвесторлар, беделді сарапшылар, салалық министрліктер, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық кәсіпорындардың 500-ден астам өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.

KGIR-2022 аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов түркиялық «OrhunMedical» компаниясының Басқарма төрағасы Гоненч Дырыкпен денсаулық сақтау саласындағы жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

2022 жылдың қыркүйек айының соңында өткен кездесу барысында Ақтөбе қаласындағы Ядролық медицина және томотерапия орталығымен «OrhunMedical» көпсалалы клиникасын салу, екі позитронды эмиссиялық томография, сондай-ақ бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография Орталықтарын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

Бүгін тараптар ынтымақтастық ниеттерін бекітті. «OrhunMedical» компаниясының инвестиция көлемі 35 миллион долларды құрайды.

Бірегей медициналық орталық әлемдік озық әдістер негізінде онкологиялық ауруларды кешенді диагностикалауды жүзеге асырады. Позитронды-эмиссиялық томографияны қолдану арқылы алғашқы клиникалық көріністер болмаған кезде онкологияны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Ядролық медицина орталығының өндірістік қуаты айына 6000 ОФЭКT/КТ және 8000 ПЭТ/КТ зерттеуді құрайды.

«Маңызды жобаның арқасында Батыс өңірінің тұрғындары жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізе алады. Орталықтың қызметі Ақтөбе қаласының медициналық туризм саласындағы тартымдылығын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін. Біз оның салынуына мүдделіміз және оны жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», — деп баса айтты облыс әкімі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жатқандарға 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі

admin_mugalzhar

«ТУҒАН ӨЛКЕМ — МАҚТАНЫШЫМ!»

admin_mugalzhar

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.