«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘР АДАМҒА — ҚАМҚОРЛЫҚ, ӘР ІСКЕ — ӘДІЛДІК!

№12 Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА ӘСЕЛ ВЯЧЕСЛАВҚЫЗЫ
Өзін-өзі ұсынушы

ӨМІРБАЯН
Әсел Құлмағамбетова — 1987 жылы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Ембі қаласындағы №2 орта мектепті тәмамдап, сол жылы Қазақ гуманитарлық заң университетіне оқуға түсті. 2009 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алып, бакалавр дәрежесін иеленді.
Еңбек жолын 2009 жылғы 8 қыркүйекте Қандыағаш қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында кеңесші қызметінен бастап, аталған мекемеде 2015 жылғы 3 наурызға дейін еңбек еткен.
2015 жылы отбасылық жағдайына байланысты Ембі қаласына қоныс аударып, 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ембі аудандық ауруханасының заңгері қызметін атқарып келеді.
Кәсіби біліктілігін арттыруға үнемі көңіл бөліп, өз саласы бойынша білімін жетілдіріп отырады.

Құрметті жерлестер!
Мен бірнеше жыл заң саласында еңбек етіп келемін. Осы жылдарда жинақтаған тәжірибем мен білімімді туған жерімнің дамуына, тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағыттауды мақсат етемін.
Мен үшін басты құндылық – адам. Ауданымыздың әрбір тұрғыны өз құқығы мен міндеттерін білуі қажет. Ал Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде әр адамның құқығын қорғау – заң саласында жүрген біз секілді заңгерлерге берілген абыройлы міндет.
Мен сайлауалды бағдарламамның басым бөлігін халықтың құқығын қорғауға бағыттағым келеді. Мені аудандық мәслихаттың депутаты ретінде сайласаңыздар, төмендегі бағыттар бойынша жұмыс істеуге уәде беремін.

*Мен сайланатын аумақтық сайлау округіне қарасты Ембі, Жем қалаларының және Құмжарған ауылының маңызды мәселелеріне мән артып, инфрақұрылымдарының дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етуге;
*Тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
*Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға;
*Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алуға;
*Әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
*Әділдік пен заңдылық қағидаттарының сақталуына атсалысуға;
*Әлеуметтік осал топтағы адамдарға тегін құқықтық кеңес беруді ұйымдастыруға;
*Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін көтеруге;
*Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етуге;
*Ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет көрсету мәселелеріне назар аударуға;
*Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
*Аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға және мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету мәселелерін көтеруге;
*Әлеуметтік көмектің қолжетімді әрі тиімді болуына ықпал етуге;
*Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау бағытындағы бастамаларды қолдауға;
*Отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған жобаларға атсалысуға;
*Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізуге;
*Азаматтардың өтініштері мен мәселелерін тиісті мекемелерге жеткізуге;
*Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеруге;
*Қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалап, қоғамдық бақылау жүргізуге;
*Аудан бюджетінің жобасын әзірлеу мен бекіту барысында тұрғындар тілегінің назардан тыс қалмауын және белгілі бір мақсаттарға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін депутаттық мандат иесінің құзыреті шеңберінде үнемі бақылауда ұстауға;
*Жастардың ұлттық құндылықтарды терең түсініп, бағалай білуіне көңіл аударуға, сол талап үдесінен шығатын шаралардың сапалы атқарылуына тікелей ұйытқы болуға;
*Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға;
*Кіші және орта бизнесті дамытуға, жастарды кәсіпкерлікке баулуға;
*Ауданда тауар өндірушілерге жеңілдікті несие алуға, жастарға қайтарымсыз грант алуға көмек көрсетуге;
*Экологиялық және басқа да мәселелер бойынша ауданның қоғамдық өмірінің әртүрлі салаларына ашық қатысуға
ЫҚПАЛ ЕТЕМІН!

Құрметті сайлаушылар!
Сайлау учаскесіне келіп, маған қолдау көрсетіңіздер! Сіз берген дауыс аудан тұрғындарының болашағы үшін өте маңызды. Сіздердің жасаған таңдауларыңыз – ел болашағының дамуы жолында салынған дара жол!
Мен сіздерден қажырлы қолдау күтемін!

Ұқсас ақпараттар

ЕЛАМАН — «АҚТӨБЕ БАРЫСЫ» АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ӘКІМ АРДАГЕРЛЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

Бүгінгінің батыры

admin_mugalzhar