«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫН ЖАРҚЫН ЕТЕДІ

№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ШАРБОСИН АЯН СМАҒҰЛҰЛЫ
«Әділет» партиясы

ӨМІРБАЯН

Шарбосин Аян Смағұлұлы — 1989 жылы Талдысай ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тұрады. 2008 жылы Қандыағаш қаласындағы №2 орта мектептің 11-сыныбын бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы «Базальт-А» ЖШС-де оператор қызметінен бастаған. 2010 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
Ол қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, блогерлік қызметпен де айналысады. Өндірістік және кәсіпкерлік салаларында, сондай-ақ халықпен және жергілікті қоғамдастықпен өзара байланыс орнату бағытында тәжірибесі бар. Қоғамдық бастамаларға, ауданның әлеуметтік және экологиялық мәселелеріне қатысты жұмыстарға белсенді қатысады.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Құрметті қала тұрғындары!
Жастайымнан кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, қоғаммен тығыз байланыс орнатып келемін. Қайырымдылық шараларына қатысып, әлеуметтік мәселелерді көпшілікке жеткізу бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп жүрмін. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, оны шешу жолдарын іздеуді, ауданымыздың дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуды мақсат етіп отырмын.
70 мыңға жуық тұрғыны бар Мұғалжар – облыс аудандары ішінде өндірістік әлеуеті жоғары, әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды аудан. Аудан құрамында 3 қала, 12 ауылдық округ бар. Ауданымыздың одан әрі дамуы біз секілді болашақ жастардың қолында. Аудан дамуына өз үлесімді қосу үшін аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелдім. Енді сайлауда жеңіске жетіп, мәслихат депутаты болсам, ауданымыздың одан әрі қарқынды өсіп-дамуы үшін қолымнан келгенді жасаймын!

Мемлекеттік тіл және ұлттық құндылық
*Мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғары көтеруге, оның қоғамдық ортада кеңінен қолданылуына ықпал етуге;
*Ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге;
*Жастардың ана тіліне, тарихы мен ұлттық мұрасына деген құрметін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға;

Әлеуметтік сала және көмек
*Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасауға және әлеуметтік осал топтардың мәселесін көтеруге;
*Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдауға;
*Қоғамда өзара көмек пен мейірімділік мәдениетін қалыптастыруға;
*Әлеуметтік желілер арқылы халықтың өзекті мәселелерін ашық жариялауға;
*Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жауапты мекемелерге жеткізуге;
*Қоғамдық мәселелердің шешілу барысын бақылап, нәтижесін тұрғындарға хабарлап отыруға;

Коммуналдық сала және жол
*Қандыағаш қаласының қалаішілік жолдарының сапасын жақсартуға және жаңа жолдар салуға ықпал етуге;
*Қандыағаш қаласын абаттандыруға, тал көшеттерін егу жұмыстарын ұйымдастыруға;
*«Жаңақоныс», «Самал», «Болашақ» шағын аудандарына тас жол және жаяу жүргіншілер жолын салуға ықпал етуге;
*Жарықтандыру мәселесін қолға алып, әсіресе, жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыруға;
*Жоғарыда аталған шағын аудандарда кәріз жүйелерін жаңадан салуға ұсыныс жасауға;
*Жаңа технологиялар енгізу бойынша ақылды бағдаршамдар мен ақылды жаяу жүргіншілер жолақтарын орнатуға;

Кәсіпкерлік және бизнес
*Отандық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындардың жұмысын насихаттап, қолдау көрсетуге;
*Сапалы құрылыс болуын қадағалау, мердігерлермен тікелей жұмыс істеуге;
*Жұмыссыздықты азайту және болдырмау мақсатында қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді курстар санын арттыруға;
*Қала бойынша спорт және балалар ойын алаңдарын салуға ұсыныс білдіруге;
*Шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелерін көтеруге;
*Жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін тиісті органдарға жеткізуге;
*Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ықпал етуге.

Таза қала қалыптастыру
*«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдауға және кәсіпкерлерді осы іске жұмылдыруға;
*Тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығарып, тұрғындар арасында тазалық мәселесін тұрақты түрде көтеріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға;
*Аула, көше және қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға атсалысуға
ЫҚПАЛ ЕТЕМІН!

ҚҰРМЕТТІ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Жоғарыда мен көтерген мәселелер баршамызға ортақ. Менің басты мақсатым – жергілікті билік пен халық арасын тікелей байланыстыру. Сонымен бірге аудан бюджетінің нақты бағыттарға жұмсалып, ең маңызды істерге бөлінуін қадағалау. Қандыағаш қаласы – бәріміздің ортақ мекеніміз. Оны дамыту – біздің алдымызға қойған үлкен парызымыз. Сол себепті қаламыздың көркеюіне менімен бірге өз үлестеріңізді қосыңыздар! Әрбір қала тұрғынының дауысы мен үшін өте маңызды.
Мені қолдаңыздар!

Ұқсас ақпараттар

1100-ден астам грант алушылар бақылауды күшейткеннен кейін зейнетақы жарналарын аудара бастады

admin_mugalzhar

Қазақстандық ауыл тұрғындары бизнесті дамытуға 2,5%-бен несие ала алады

admin_mugalzhar

600 ОҚУШЫ ТЕГІН ҮЙІРМЕМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar