«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ, ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ – БАСТЫ МАҚСАТ!

№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат БҰХАРБАЕВ ЕРЛАН ТЕЛАҒЫСҰЛЫ
«Әділет» партиясы

ӨМІРБАЯН
Бұхарбаев Ерлан Телағысұлы – 1986 жылы Ембі қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсіп, 2010 жылы «Дәрігер акушер-гинеколог» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы «Ембі аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де акушер-гинеколог дәрігері қызметінен бастаған. 2019 жылы аталған мекемеде бас дәрігердің сапа жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ембі аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері қызметін атқарып келеді.
Ол денсаулық сақтау саласында мол тәжірибеге ие, медициналық көмекті ұйымдастыру және медициналық мекемені басқару бағытында кәсіби біліктілігін қалыптастырған.
Бас дәрігер ретінде аурухана қызметіне басшылық жасап қана қоймай, медицина қызметкерлерінің және емдеу-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады. Сонымен бірге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді.

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Құрметті Ембі қаласының тұрғындары!
Мен Ембі қаласында дүниеге келіп, осы өңірде еңбек етіп, денсаулық сақтау саласында кәсіби жолымды қалыптастырдым. 2010 жылдан бері медицина саласында қызмет атқарып, дәрігерден аурухана басшысына дейінгі еңбек жолынан өттім.
«Әділет» партиясының әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс құндылықтарын басшылыққа ала отырып, туған қаламның дамуына, тұрғындардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосуды мақсат етемін. Егер аудандық мәслихат депутаты болып сайлансам, партияның бағдарламалық басымдықтарын жергілікті деңгейде жүзеге асыруға атсалысып, Ембі қаласының өзекті мәселелерін көтеруге күш саламын.

Денсаулық сақтау және адам әлеуетін дамыту
*Ембі қаласы тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуді жақсарту мәселесін көтеруге;
*Аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңарту және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал етуге;
*Ана мен бала денсаулығын қорғау, жүкті әйелдер мен жас отбасыларға медициналық қолдау көрсетуге басымдық беруге;
*Аурудың алдын алу және профилактикалық тексерулерден уақытылы өту мәдениетін қалыптастыруға;
*Білікті дәрігерлер мен жас мамандарды өңірге тарту, оларды әлеуметтік қолдау мәселесін көтеруге;
*Ауылдық елді мекендер тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға;
*Денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу және медициналық қызмет сапасын арттыру бастамаларын қолдауға;

Әлеуметтік әділеттілік және халықтың әл-ауқаты
*Әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы қолдау көрсету мәселелерін көтеруге;
*Мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік және медициналық қызметтерге қолжетімділігін жақсартуға;
*Қарт адамдар мен жалғызбасты зейнеткерлерге қолдау көрсету бастамаларын дамытуға;
*Жастарды жұмыспен қамту және тұрақты жұмыс орындарын ашу мәселелеріне назар аударуға;
*Еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға ықпал етуге;
*Халықтың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, олардың шешілуіне ықпал етуге;

Ембі қаласының инфрақұрылымы және дамуы
*Ембі қаласының ішкі жолдарын жөндеу және асфальттау мәселелерін жүйелі түрде көтеруге;
*Шеткі көшелер мен тұрғын үй аумақтарына кіреберіс жолдардың жағдайын жақсартуға ықпал етуге;
*Жаяу жүргіншілер жолдарын салу және жөндеу мәселесіне назар аударуға;
*Көшелерді жарықтандыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіруге;
*Ауызсу, электр энергиясы, жылу және басқа да коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту мәселелерін көтеруге;
*Кәріз жүйелерін жаңарту және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға ұсыныс білдіруге;

«Заң мен тәртіп» және халықпен ашық байланыс
*Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды жауапты мемлекеттік органдарға жеткізуге;
*Жергілікті мәселелердің шешілу барысын бақылап, тұрғындарға ашық ақпарат беруге;
*Мемлекеттік мекемелер жұмысының ашықтығы мен есептілігін арттыру бастамаларын қолдауға;
*Аудандық бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейтуге атсалысуға;
*Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және заң талаптарының сақталуына ықпал етуге;

«Таза Қазақстан» және қолайлы өмір сүру ортасы
*«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдап, Ембі қаласында тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға;
*Қала көшелері мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту мәселесін көтеруге;
*Тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және салынып жатқан қоқыс алаңының құрылыс жұмыстарын бақылауға;
*Ағаш отырғызу, жасыл желектерді көбейту және көгалдандыру бастамаларын қолдауға;

Отбасы, ана мен бала және жастар саясаты
*Ана мен балаға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік көмектің сапасын арттыруға;
*Жас аналар мен жүкті әйелдерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қолдауға;
*Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мәселелерін көтеруге;
*Жастардың сапалы білім алуына, кәсіби мамандық меңгеруіне және жұмыспен қамтылуына қолдау көрсетуге
ҮЛЕСІМДІ ҚОСАМЫН!

Құрметті жерлестер!
Ембі қаласының тумасы әрі осы өңірде ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан маман ретінде қаламыздың тыныс-тіршілігі мен тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жақсы білемін. «Әділет» партиясының әділдік, заң мен тәртіп, әлеуметтік жауапкершілік және өңірлерді дамыту қағидаттарын басшылыққа ала отырып, халықтың денсаулығын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту, жол және коммуналдық мәселелерді шешу бағытында жұмыс істеуге дайынмын.
Маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!

Ұқсас ақпараттар

Жаңа Конституцияда жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік беріледі

admin_mugalzhar

БИЫЛ 8 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫН АРТТЫРАДЫ

admin_mugalzhar

ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚЫП, ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar