«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТКЕ ЖОЛ АШЫП, БОЛАШАҚҚА БІРГЕ ҚАДАМ БАСАЙЫҚ!

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АБИЕВА ГҮЛНАЗ ҚАЗБЕКҚЫЗЫ
Өзін-өзі ұсынушы

ӨМІРБАЯН
Абиева Гүлназ Қазбекқызы — 1991 жылы 30 наурызда Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қандыағаш қаласындағы №2 орта мектепті бітіріп, 2010 жылы «Ақтөбе экономика және статистика» колледжін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 2014 жылы Мұғалжар аудандық орталық кітапханасында техникалық қызметкер болып бастады. 2016 жылдан бастап аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы қызметіне ауыстырылды. 2017–2020 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Қазіргі таңда аудандық орталық кітапхананың кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Ол ұжым арасында беделге ие. Кітапхана саласында мол тәжірибе жинақтап, өз ісін жетік меңгерген білікті маман ретінде қалыптасқан. Кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларын заман талабына сай жүргізіп, ақпараттық жұмысты дамытуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Бірнеше жылдан бері кітапхана саласынанда еңбек етіп келемін. Осы уақыт аралығында кітапхана және мәдениет саласын дамытуға үлесімді қосып қана қоймай, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, кітап оқу мәдениетін қалыптастырдым десем артық айтқаным емес. Заман көшінен қалмай, жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы тәжірибемді одан әрі дамытудамын.

Аудан кітапханаларын дамыту
*Аудандық және ауылдық кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
*Кітап қорын жаңа әдебиеттермен толықтырып, электронды кітапхана жүйесін дамытуға;
*Ауылдық кітапханаларды заманауи білім және ақпарат орталықтарына айналдыруға;
*Балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға;

Мәдениет пен ұлттық құндылықтарды қолдау
*Ауданның тарихи-мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен ұлттық өнерін насихаттауға;
*Жергілікті ақын-жазушылар мен өнерпаздардың шығармашылығын қолдауға;
*Жас ұрпақтың рухани тәрбиесі мен ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға.

Жасанды интеллект және цифрлық даму
*Кітапхана қызметін цифрландыру және электронды ақпарат қорын кеңейтуге;
*Аудан жастарының цифрлық сауаттылығын арттырып, жасанды интеллектіні дұрыс әрі қауіпсіз қолдануды үйретуге;
*Кітапхана мен мәдениет мекемелерінің әлеуметтік желідегі жұмысын жетілдіруге;
*Мұғалжар ауданының тарихы мен мәдени мұрасын цифрлық форматта жинақтап, сақтауға;

Балалар мен жастардың әлеуетін арттыру
*Кітап оқу, ғылым, өнер және шығармашылық бағытындағы жобаларды қолдауға;
*Кітапханалар жанынан зияткерлік клубтар мен танымдық үйірмелер ашуға;
*Дарынды балалар мен жастардың аудандық, облыстық және республикалық байқауларға қатысуына мүмкіндік жасауға;
*Ауыл жастарының білім мен заманауи технологияларға қолжетімділігін арттыруға;

Ауылдық мәдениет ошақтарын қолдау
*Ауылдық кітапханалар мен мәдениет үйлерінің өзекті мәселелерін көтеруге;
*Мәдениет мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал етуге;
*Ауыл тұрғындары үшін мәдени-танымдық іс-шаралардың қолжетімділігін арттыруға;
*Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, мәдени жобаларды жүзеге асыруға.

Аудан инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар өмірінің сапасын арттыру
*Ауылдар мен елді мекендердегі жолдардың сапасын жақсарту және жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етуге;
*Көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындарды абаттандыру мәселелерін көтеруге;
*Ауызсу, газ және электрмен жабдықтау жүйелерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға;
*Балалар ойын алаңдары мен спорттық-демалыс орындарын көбейтуге;
*Ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханалардың ғимараттарын жөндеу және жаңғырту мәселелерін назарда ұстауға;
*Тұрғындардың ұсыныстары негізінде елді мекендердің тазалығы мен көркейту жұмыстарына қолдау көрсетуге
ҮЛЕСІМДІ ҚОСАМЫН!

Кітапхана мен мәдениет – ұрпақ тәрбиесінің негізі. Ал жаңа технологиялар – сол құндылықтарды келешекке жеткізудің тиімді жолы. Менің ұстанымым — Мұғалжар ауданының рухани және зияткерлік дамуына үлес қосу.
Мені қолдап, дауыс беріңіздер!
Сіздердің таңдауларыңыз – жарқын болашақтың кепілі!

Ұқсас ақпараттар

2025 ЖЫЛДЫҢ 1 МАУСЫМЫНАН БАСТАП ЕЛІМІЗДЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Мәңгілік достық пен стратегиялық серіктестік: Қазақстан мен Түркия келіссөздері

admin_mugalzhar

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar