«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДАМУ – НАҚТЫ ІСПЕН, НӘТИЖЕ ОРТАҚ ЕҢБЕКПЕН!

№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АХМЕТОВ ЖАНДОС ТЕМІРЖАНҰЛЫ
«Республика» партиясы

ӨМІРБАЯН

Мен, Ахметов Жандос Теміржанұлы, 1984 жылы қасиетті Қандыағаш қаласында дүниеге келдім. Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектептің түлегімін. Екі жоғары білімім бар. Мұнай-газ саласы және аударма ісі мамандықтары бойынша білім алдым.
Еңбек жолымды мамандығым бойынша бастап, 14 жыл бойы «Ұлы Қабырға» компаниясында қызмет атқардым. Кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласында білімімді жетілдірдім. Кейін жеке кәсібімді ашып, кәсіпкерлікпен айналыса бастадым. Қазіргі таңда отбасымызбен бірге кәсіп жүргізіп келеміз. Қала тұрғындарына жақсы таныс «Изюм-5», «Нұр маркет» дүкендері мен Coffee House кафетерийі біздің отбасылық кәсібіміз.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Құрметті қала тұрғындары!
Туған өлкенің дамуы, тұрғындардың әл-ауқаты мен болашақ ұрпақтың жарқын келешегі баршамыз үшін маңызды болуы шарт. Мен кәсіпкер ретінде еңбек пен жауапкершіліктің, іскерлік бастама мен нақты нәтиженің маңызын жақсы түсінемін. Ал қала тұрғыны ретінде жергілікті халықты толғандыратын мәселелерді күнделікті өмірден көріп келемін.
Аудандық мәслихат депутаттығына «Respublica» партиясының атынан түсіп отырмын. Партияның кәсіпкерлікті дамыту, әділ бәсекелестік қалыптастыру, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және азаматтардың өмір сапасын арттыру бағыттарын басшылыққа ала отырып, қаламыздың өзекті мәселелерін шешуге үлес қосу үшін сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.
Туған жерім – Қандыағаштың өркендеуі жолында сіздермен бірге болып, ел игілігі үшін еңбек етуге дайынмын!

* Қала көшелеріндегі жолдардың сапасын жақсарту және жөндеу жұмыстарын жүйелі жүргізуге ықпал етуге;
*Аулаішілік жолдарды ретке келтіріп, жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарларды көбейтуге.
* Көшелерді жарықтандырып, қоғамдық орындарды абаттандыруға, балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарын жаңартуға;
* Қала тазалығы мен тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруды бақылауға алуға;
* Шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелерін көтеруге;
* Жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін мәслихат деңгейінде қарастыруға;
* Жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды қолдауға.
* Жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына және өз ісін бастауына мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы ақпараттандыруға;
* Жастардың спортпен, мәдениетпен және қоғамдық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік туғызуға;
* Әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолдау көрсету мәселелерін көтеруге;
* Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық және мәдени нысандарды дамытуға;
* Қоғамдық көлік қозғалысының сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға;
* Қала ішіндегі көлік қатынасы мәселелерін шешуге ықпал етуге;
* Аялдамаларды жаңарту және олардың жағдайын жақсартуға;
* Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тұрақты түрде тыңдауға;
* Әрбір өзекті мәселені мәслихат отырыстарында көтеруге;
*Қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар туралы халыққа ашық есеп беруге;
* Қала тұрғындарының қоғамдық бастамаларын қолдауға;
*Аудан бойынша қала, ауыл көшелерін абаттандырып, көгалдандыруды ұйымдастыруға;
*Тұрғындардың сапалы таза ауыз сумен қамтылуы үшін мәселе көтеруге;
*Тұрақты жұмыс орындарын ұйымдастыруды қолға алып, жұмыссыздық мәселесіне мән артуға;
*Ауданның инфрақұрылымдарын дамытып, мектеп пен балабақша санын көбейту үшін мәселе көтеруге;
*Ауыл аймақтарда спорт нысандарының құрылысын ұйымдастыру үшін депутаттық сауал жолдауға
ЫҚПАЛ ЕТЕМІН!

Құрметті жерлестер!
Депутаттық қызметті халықпен тығыз байланыста жұмыс істеудің, тұрғындардың мүддесін қорғаудың және ауданымыздың дамуына нақты үлес қосудың мүмкіндігі деп білемін. Кәсіпкерлік тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді ел игілігіне жұмсап, бастамалардың жүзеге асуына және тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешілуіне атсалысуға дайынмын.
Маған қолдауларыңыз аса қажет! Сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беріңіздер!

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТЫ ТАТАР, ЖАНЫ ҚАЗАҚ – МАРЗИЯ АПАЙ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында газдандыру жұмыстары көмірге деген сұранысты азайтты

admin_mugalzhar

Заң және тәртіп: Қазақстанда қылмыстар санының 13%-ға төмендеуі тіркелді

admin_mugalzhar