«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

15 қараша — Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНА. АЛ ҚАЗЫНАНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ – МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ШАРТТАРЫНЫҢ БІРІ. ОСЫ ЖАУАПТЫ САЛАДА ҰЗАҚ ЖЫЛДАР БОЙЫ АДАЛ ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАРДЫҢ БІРІ – ҚОЖАБАЕВА РЗАГҮЛ КРАМЫСҚЫЗЫ.
Рзагүл Крамысқызы — 1993- 1996 жылдары Ұлттық банктің Қандыағаш қаласындағы Есеп-касса орталығында есеп маманы қызметін атқарып, төл теңгеміздің айналымға ену кезеңінде өз үлесін қосты. Ал 2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазынашылық басқармасында абыройлы еңбек етіп келеді. Бүгінде оның мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жылдан асады. Осы жылдар ішінде ол мемлекеттік қаржының сақталуына, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына және қаржылық тәртіптің нығаюына елеулі үлес қосып келеді. Кәсіби біліктілігімен қатар, жауапкершілігі, ұқыптылығы мен адалдығы, әріптестеріне қолдау көрсетуі Рзагүл Крамысқызын ұжымдастары арасында ерекше құрметке бөледі. Сонымен қатар жас мамандарға тәлімгерлік танытып, жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін кейінгі буынмен бөлісіп келеді. Ол әрдайым өз ісіне жауапкершілікпен қарап, мемлекеттік қызметтің абыройын биік ұстайды. Қазынашылық органындағы еңбек жолында Р.Қожабаеваның еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Қаржы министрлігінің, Қазынашылық комитетінің, облыс және Мұғалжар ауданы әкімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды. Ұлттық валюта күні мен қаржыгерлердің кәсіби мерекесі – Рзагүл Крамысқызы секілді білікті мамандардың еңбегін бағалап, олардың ел экономикасының дамуына қосқан үлесін айқындайтын айтулы күн. Қазынашылық басқармасының ұжымы атынан Рзагүл Крамысқызын 15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржыгерлердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс пен абырой тілейміз! Еліміздің экономикасы өркендеп, төл теңгеміздің тұғыры берік, қаржы жүйеміз тұрақты болсын!
Ж.МУХАМБЕТОВА, Мұғалжар аудандық мемлекеттік қазынашылың басқармасының басшысы

Ұқсас ақпараттар

32 мыңнан аса отбасы жалға берілетін және кредиттік пәтермен қамтамасыз етіледі

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ — ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar

Облыста басталған пилоттық жоба енді өзге өңірлерде жүзеге асырылатын болады

admin_mugalzhar