«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ — ЖАҢА БАСШЫ

Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің бастығы болып Бауыржан Ахметұлы Атабаев тағайындалды. Ішкі істер министрлігінің келісімімен, Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен полиция полковнигі Бауыржан Атабаевты аудан активіне Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев таныстырды.
Атабаев Бауыржан Ахметұлы 1969 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Әр жылдары Қандыағаш және Ақтөбе көліктегі желілік полиция бөлімдерінде, тергеу және жедел бөлімшелерінде жұмыс істеді.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, Ақтөбе облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша басқармасының бастығы, Ақтөбе облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қызметтерінде болған. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Ұқсас ақпараттар

Димаш Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсетеді

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Еліміздегі орташа зейнетақының мөлшері жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.