«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕПІЛІ

Бүгін аудан әкімдігінде Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сағынадин Салықбаев және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.


Пленумның күн тәртібіне «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасы, Мұғалжар аудандық «Белсенді өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысы және өзге де мәселелер енгізілді.
Алғашқы мәселе бойынша Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шамшат Әбдірзақов баяндама жасап, «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының негізгі бағыттары мен маңызына тоқталды. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жас ұрпаққа жеткізу, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудың маңызды тетігі. Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамның бірлігін сақтауға, жастардың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді қасиеттерді сіңіруге ықпал етеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Мұғалжар аудандық «Белсенді өмір орталығы» КММ-нің қызметі. Орталық директоры Анар Ниязбекова мекеменің атқарған жұмыстары туралы баяндап, қызмет бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан шараларға тоқталды. Орталықтың жұмысы тұрғындардың белсенділігін арттыруға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, қоғам өміріне араласуына мүмкіндік жасауға бағытталған.
Пленум барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікірлер айтылып, ұсыныстар ортаға салынды. Қатысушылар ардагерлер ұйымының ауданның қоғамдық өміріндегі рөлін, аға буынның тәжірибесін пайдалану мен олардың бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Тоқаев: Конституцияға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін

admin_mugalzhar

100 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ КУРСТАРЫНДА БІЛІМ АЛАДЫ

admin_mugalzhar