«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ГҮЛНҰР — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

24-27 қараша күндері Ақтөбе қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуде.

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатқан ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 550-ге жуық спортшы қатысуда. Балуандар ерлер арасында сегіз, әйелдер арасында жеті салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, Қазақстан чемпионы атағын сарапқа салады.

Жарыстың екінші күнінде Ақтөбе облысының намысын қорғаған мұғалжарлық Гүлнұр Баханова 65 келі салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, қазақ күресінен Спорт шебері нормативін орындады.

Гүлнұр Баханова Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Жаттықтырушысы Гүлмира Сағи.

Ұқсас ақпараттар

Батыл БЕРЖАНОВА, 8 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері: БІР ҚОЙ ЕГІЗ ТУСА, БІР ТҮП ЖУСАН АРТЫҚ ШЫҒАДЫ

admin_mugalzhar

Футболдан Қазақстан құрамасы Словениядан жеңілді

admin_mugalzhar

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды

admin_mugalzhar