«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Батыл БЕРЖАНОВА, 8 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері: БІР ҚОЙ ЕГІЗ ТУСА, БІР ТҮП ЖУСАН АРТЫҚ ШЫҒАДЫ

-Ұстаздық қызмет атқарып жүргеніме 30 жылдан астам уақыт өтті. Бүгінде Егіндібұлақ ауылдық округіне қарасты Бұлақты негізгі орта мектебінде мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарамын. Бүгінде 8 баланы дүниеге әкеліп, оларға тәлім-тәрбие берген бақытты анамын. «Алтын алқа» иегерімен. Сонымен қатар ауыл балаларына білім үйретіп, оқуға деген құштарлығын ашуға өз үлесімді қосып жүрген ұстазбын. Қазіргі күніме үлкен шүкіршілік айтамын. Кеңес үкіметі құлап, еліміз тәуелсіздігін алған кездерде менің балаларымның алды дүниеге келген болатын. Ол кездер қиын болды. Айлығымызды бірнеше айлап ала алмаған уақыт еді ол кез. Бірақ жолдасым екеуміз барлық қиындықты біргежүріп, жеңе білдік. Ешкімге салмақ салмай, мемлекеттен ешқандай жәрдемақы да алмай, кішкентайларымызды жеткіздік. Алдымыздағы малымызды көбейтіп, тапқан ақшамызды балаларымыздың болашақ білімдеріне салдық, ерінбей еңбек еттік. Бүгінде 4 қызым менің жолымды жалғап, мұғалімдік қызмет атқарып жүр. Кенжетайым Ақтөбе қаласында мектепте оқиды. Қазақтың «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады» деген даналық сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Мен бала кезімнен көпбалалы ана болуды армандайтынмын. Бүгінде арманым орындалып, үлкен отбасының аяулы анасы атанып отырмын.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ОРАЛСАМ, ШІРКІН

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.