Мұғалжар ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жай-күйіне талдау жүргізді.
2019 жылдың өткен кезеңінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар 2018 жылдың 11 айымен салыстырғанда өскен.
Оның ішінде: бөтеннің мүлкін ұрлау, бұзақылық жасау қылмыстық құқық бұзушылықтары өскен.
2019 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың ішінде жоғарғы оқу орындарының, колледж студенттері және мектеп оқушылары бар.
Жалпы кәмелетке толмағандармен қылмыстардың түнгі уақыттарда жиі жасалатыны тіркеліп отыр, бұл ата-аналар тарапынан балаларының қараусыз, олардың үйлерінен өздері қалаған уақыттарда еш кедергісіз шығып жүре беретінін көрсетеді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар оқу демалыстары уақытында да қылмыс жасауға барып отырғаны анықталды.
Кәмелетке толмағандармен ауыр және аса ауыр қылмыстарды адамға жарақат келтіруге арналған қару пайдалану арқылы жасау оқиғалары жылдан жылға өсуде.
2019 жылы кәмелетке толмағандармен қару, яғни пышақ қолданып қылмыс жасау оқиғалары да өскен.
Кәмелетке толмағандармен жасалған әрбір қылмыстың үшіншісі пышақ (қару) қолданып жасалуда, бұл өз кезегінде оқушылардың өздерімен бірге пышақ алып жүруінің әдеттегі жағдайға айналғандығын көрсетеді.
Мәселен, аудандық ПБ-нің қызметкерлерімен қараша айының 19-24 аралығында жедел профилактикалық іс-шараларын өткізу кезінде аудан бойынша кәмелетке толмағандардан пышақтар алу фактілері тіркелді.
Жалпы түрлі рейдтік шаралар жүргізу барысында кәмелетке толмағандардан пышақ немесе өткір заттар алу оқиғалары тоқтамай отыр.
Мәселен, 16-17 қараша аралығында Қандыағаш қаласында кәмелет жасқа толмағандар арасында пышақ пайдалану арқылы, топ болып төбелесу оқиғасы бірінші кезекте ата-аналардың өз балаларына мектептен тыс уақытын қалай өткізіп отырғанына бақылау жасамайтынын көрсетсе, екіншіден, кәмелетке толмаған балаларының мезгілсіз, әсіресе түнгі уақыттарда үйлеріне қайтпай, дос-таныстарының үйіне қонып қалып, үйлеріне келмеу жағдайлары орын алған уақыттарда, ата-аналардың өз балаларын іздемеуі себеп болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің талаптарына сай, ата-аналар өз баласын тәрбиелеуге, оның адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
Салдарынан кәмелетке толмағандар құқық бұзушылық әрекеттерін жасауға жол береді.
Осы орайда, кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен оның жасаған әрекеттері үшін заңмен белгіленген реттерде, әрқашан да ата-ана жауапты екенін есте ұстаған жөн.
Мұғалжар аудандық прокуратурасы