«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алматыдағы Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырады – алғашқы нұсқа жарияланды

Премьер-министрдің орынбасары, Алматыдағы ұшақ апаты бойынша үкіметтік комиссия мүшесі Роман Скляр Алматыдағы Bek Air ұшағының қалай апатқа ұшырағанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұшақ апатынан көз жұмғандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл жағдайға қатысты ешкім де мемлекеттің қолдау шараларынан тыс қалмайды. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен зардап шеккендерде қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіледі. Оқиға тіркелгеннен бастап үкіметтік комиссия тиісті жұмысты бастап кетті. Бүгін біз ұшу-қону жолағына әуе кемесінің артқы бөлігінің бірізді сипатта екі рет жанасқанын анықтадық. Жолаққа жанасу аралығы 300-400 метр шамасында болды. Ұшар кезде әуе кемесі екі рет ұшу-қону жолағына соқтыққан», — деді Роман Скляр Алматыда шұғыл өткен баспасөз мәслихатында.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуына қарағанда, ұшу-қону жолағы аяқталғаннан кейін әуе кемесі оңға бұрылған. Шасси бұл уақытта жинақталып қойған. «Ұшақ ұшып кетпек болғанымен оң жаққа ауып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған. Үйде ешкім болмаған. Әуе кемесі соқтығыс салдарынан екіге бөлініп кеткен. Негізінен ұшақтың алдыңғы жағында отырған жолаушылар көз жұмған», — деді Роман Скляр.

Ұқсас ақпараттар

КӨКТЕМГІ ДЕНСАУЛЫҚ МАРАФОНЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК ЕТЕМ ДЕГЕНГЕ МҮМКІНДІК МОЛ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.