«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАСТЫ МАҚСАТ — ХАЛЫҚТЫҢ САУЛЫҒЫ

Әлемді әбігерге салған індет бізді де қармағына іліп, әлекке қалдырды. Соның ішінде еліміздің жалпы медицина саласын есеңгіретіп тастады. Олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ел үкіметі денсаулық саласына қомақты қаржы бөліп, емдеу аппараттары мен дәрідәрмектерге қолжетімділікті арттырды.

Бүгінде Ембі аудандық ауруханасының техникалық базасы 100- ден аса жаңа құрал-жабдықтармен толықтырылды. Аурухана дәрігерлеріне ауруды ерте әрі нақты диагностикалау мақсатында заманауи РДК «Ардиагност-6» диагностикалық стационарлық рентген аппараты сатып алынды. Сонымен қатар, пандемиямен күрес жүргізу мақсатында ауруханаға Hyundai H350 маркалы реанимобиль автокөлігі берілген. Сондайақ аудандық ауруханада жергілікті тұрғындарды сапалы медициналық көмекпен қамту мақсатында ДС-70 ультрадыбысты диагностикалық жүйе — УЗИ аппараты, босану бөліміне жаңа туған сәбилерге дер кезінде сапалы көмек көрсету үшін «SHELLY» инкубатор аппараты алынған

— Бүгінде ауруханада науқастар үшін барлық жағдай жасалған. 2016-2017 жылдары аралығында аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ембі аудандық ауруханасында бүгінгі таңда 36 дәрігер, 123 медбике, 38 кіші, 44 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Ауруханада 36 кереует орын бар. Оған қоса, күндізгі стационар бөлімі 30 кереуетпен қамтылған. Сонымен қатар Ембі аудандық ауруханасы ғимаратының қоршаулары жаңартылып, ауруханаға кіреберіс жолға асфальт төселді, — деді Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұхарбаев.

Н.ІЗТҰРҒАН

Ұқсас ақпараттар

«АҢСАҒАН СӘБИ»: ҮКІЛЕГЕН ҮМІТ ҺӘМ НӘТИЖЕ

admin_mugalzhar

42500 теңгелік төлем қателесіп аударылса қалай қайтару керек?

admin_mugalzhar

ӘСКЕРИ СОТ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.