«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болды

Украинаның жолаушылар лайнері бүгін таң ата Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежай маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ирна агенттігіне сілтеме жасап.
Киевке бағыт алған ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Тегеран әуежайынан ұшқаннан кейін апатқа ұшыраған «Халықаралық Украина әуе желісінің» Boeing-737 ұшағының барлық жолаушылары мерт болды.

Бұдан бұрын, Азаматтық авиация ұйымының өкілі Ирана Реза Джафарзаде ұшақ өртке оранып, адамдардың аман қалуы мүмкін еместігін мәлімдеген. Ол қазіргі уақытта құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтап жатқанын жеткізді.
PS752 украина рейсі Мәскеу уақытымен таңғы 5:42-де Тегераннан ұшып, 2 минут өткеннен кейін ұшақпен байланыс үзілген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі құлаған ұшақта қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар

Биыл елімізде алғаш рет тақтатас мұнайы өндіріледі

admin_mugalzhar

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 25 пайызға қымбаттады

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды

admin_mugalzhar