«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Димаш Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсетеді

Бүкіл әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген джаз композициясының миллиондаған жанкүйерлерін тәнті ететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Tokyo Jazz Festival ресми сайтына сілтеме жасап.

19-шы Tokyo Jazz Festival мамырдың 22-24 күндері Жапония астанасында өтеді. Бұл бастауын 2002 жылдан алатын Күншығыс еліндегі ірі музыкалық фестивальдердің бірі саналады. Ол джаздың шын мәніндегі танымал әртістерін шақыруымен белгілі.

Музыкалық фестивальдің ұйымдастырушылары биыл мәдени шараға 90 мыңнан астам көрермен жиналатындығын күтіп отыр. Бұған Қазақстаннан баратын қонақтың да үлесі зор болуы ықтиал.
Себебі Tokyo Jazz Festival-дің Facebook парақшасында жарияланған аңдатпасына пікір қалдырғандардың басым бөлігі Димаштың аталған шараға қатысатындығын қуана жазып жатыр.
«Таңғажайып Токиода Димаштың қатысуымен өтетін джаз фестиваль тамаша болары сөзсіз», «Токиода Димашты көргенше асықпын», «Мен үшін Димаштың қандай ән орындайтындығы қызықты. Ол классикалық және поп-музыкамен қатар джаз вокалда да таңғажайып әнші», деп әншінің әлемнің әр қиырындағы жанкүйерлері жазба қалдырған.

Ұқсас ақпараттар

ТАКСИ: ЖЫР БОЛҒАН ЖОЛ АҚЫСЫ…

admin_mugalzhar

Тоқаев мемлекеттік туға қатысты заңды өзгерту керегін айтты

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында полицейлер 100 % планшетпен қамтамасыз етілген

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.