«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Иранда әуе апатынан қаза тапқандардың мүрдесі Украинаға жеткізілді

«Борисполь» халықаралық әуежайында Ирандағы әуе апатынан қаза тапқан «МАУ» әуе компаниясы ұшағының экипаж мүшелері мен украиндық жолаушыларды аза тұтуға арналған шара басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Укринформ агенттігінің хабарлауынша, әуежайға қаза тапқандардың туыстары жиналған. Сонымен қатар гүл алып келген адамдардың қарасы да қалың.

Әуежайда медициналық қызметтердің, Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, Ұлттық гвардия жауынгерлері, Ұлттық полиция қызметкерлері жүр.

Аза тұту шарасына қатысты ақпарат тарату үшін келген журналистердің легі де мол. Мүрделерді алып келген ұшақ әуежайға жергілікті уақыт бойынша сағат 11-де қонған.

Жалпы, әуежай штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Өзге терминалдардан ұшақтардың ұшып келуі мен ұшуы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, сәрсенбі, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшқан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 177 адам болған: 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі. Оның ішінде Иранның – 82, Канаданың — 63, Украинаның — 2 + 9 (экипаж), Швецияның – 10, Ауғанстанның – 4, ГФР-дың – 3, Ұлыбританияның 3 азаматы болды. Олардың барлығы қаза тапты.

«Украинаның халықаралық әуе желілері» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты жауапкершілікті Иранның әскери-саяси құрылымы «Ислам революциялық ұландар корпусы» өз мойнына алды.

Ұқсас ақпараттар

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar

702 ақтөбелік ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына қатысады

admin_mugalzhar

Ақтөбеде саяжайға автокөлікпен баруға рұқсат алғысы келетіндер кезекке тұрды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.