«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тоқаев әлеуметтік көмек көрсетуде әлі күнге дейін нақты ұстаным жоқтығын айтты

Үкімет әлеуметтік саладағы заңнаманың жоқ-жітігін түгендеуі керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Биыл 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Олқылықтар жойылды. Негізгі мақсат көлбалалы отбасына жүйелі қолдау көрсету болып отыр. Бірақ, әлі күнге дейін нақты ұстаным жоқ. Жағдайдың ыңғайына қарай жүріп келе жатырмыз. Үкімет әлеуметтік саладағы заңнаманың жоқ-жітігін түгендеуі керек»,- деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті әлеуметтік әл-ауқат тұрғын мәселесімен тығыз байланыста екендігін баса айтты.

«2018-2019 жылдары тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны барынша жоғары болатын. Бұл 25 мың отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік берген еді. Оның ішінде 5,5 мың аз қамтылған, көпбалалы отбасы мен 3 мың жұмыс істейтін жас баспаналы болды. Бұл нақты нәтиже. Тұңғыш Президенттің «Бақыты отбасы», «7-20-25» бағдарламалары арқылы шамамен 20 мың отбасы зайым алды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас ақпараттар

Жаңаөзенде балалар ауруханасында қызметкерлер 37 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

admin_mugalzhar

29 СТУДЕНТТІҢ ОҚУ АҚЫСЫ ТӨЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.