«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

22 желтоқсанда Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасының өндірісі басталады

22 желтоқсанда Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасының өндірісі басталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Асқар Маминнің кездесуінде белгілі болды.

Сонымен қатар, Ақорда сайтындағы мәлімет бойынша, 25 желтоқсанда коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сынағының үшінші кезеңі басталады.

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, ешқандай жанама әсер тіркелмеген, отандық вакцина жоғары тиімділікті көрсетті. Сынақтар 2021 жылы наурыздың соңында бітеді.

«Премьер-министр Президентке 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Асқар Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады», — делінген хабарламада.

Мұның алдында Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау 2021 жылы басталатыны белгілі болған.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫС – 2024: ЖОЛ ТАЗАРТУ, ҚАР АРШУ һәм ТАЗАЛЫҚ

admin_mugalzhar

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады

admin_mugalzhar

ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.