«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жапонияның круиз лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 70-ке жетті

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні Йокогамада карантинде тұрған круиз кемесінде тағы алты адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Осылайша борттағы індетті жұқтырғандардың жалпы саны 70-ке жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәліметіне сәйкес, 20-дан 70 жасқа дейінгі бес экипаж мүшесі мен бір жолаушының – төрт филиппиндік, америкалық пен украиндықтан өткір індет белгілері байқалмайды. Министрлік кемедегі 3700 жолаушы мен экипаж мүшелері ішіндегі індет жұқтыруы мүмкін 336 адамның анализ тапсырғанын мәлім етті.

Зерттеу нәтижесі тағы 6 жолаушының коронавирус жұқтырғанын анықтады. 50 елден жолаушылары бар кеме дүйсенбіден бері карантинде тұр. Оған жолаушылардың бірінің Гонконгта жағалауға шығып, пневмонияны тудыратын коронавирус жұқтырғаны себеп болды.

Жапонияда жаңа вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 96 адамды құрайды. Оның 10-ы Ухань қаласынан чартерлік рейстерден эвакуацияланған. Тағы 16-сы – туристер мен туристік автобустың жүргізушісі. 60 жастағы Жапония азаматы сенбі күні Ухань қаласында көз жұмды. Оған коронавирус себеп болуы мүмкін. Егер күдік расталса Жапонияда вирустан болған алғашқы өлім тіркелмек.

Жексенбі күні Гонконг портындағы бірнеше күндік карантиннен кейін 3600 жолаушы мен экипаж мүшелеріне World Dream круиздік кемесінен кетуге рұқсат берілді. Еске салсақ, бұған дейін Жапониядағы круиз лайнеріндегі 41 адамнан коронавирус анықталған болатын.

Ұқсас ақпараттар

«КӨГАЛДАҒЫ КІТАПХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

СІМ: Коронавирус табылған кемедегі төрт қазақстандық жақын арада елге оралады

admin_mugalzhar

КӨТІБАР АУЫЛЫ: АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС КӨП

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.