Nur-Otan партиясының Мұғалжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Бектұрғанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Мусенова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Құрманалина Қандыағаш қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға «Әлеуметтік пакеттер» топтамасын үлестірді. ⠀
⠀
Ал ауданға қарасты ауылдық округ тұрғындарына Ембі қаласында таратылуда. Жалпы қазіргі таңда 385 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алуға мүмкіндік алды. ⠀
⠀
1-3 жасқа дейін және 3-6 жасқа дейін алатын әлеуметтік пакеттердің іші түрлі табиғи құнарлы тағамдармен толықтырылған. Аудандық аурухана дәрігері С.Инесова осы бағытта дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекет тарапынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек ретінде беріліп жатқан кепілдендірілген аталмыш пакеттерге аналар қауымы дән риза.