«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 cәуірден бастап Атырау стансасында баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау стансасына баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сәуірден бастап №313/314 «Атырау-Маңғыстау» және №47/48 «Атырау-Бурабай курорты» жолаушылар пойызы, 2 сәуірден бастап №41/42 «Атырау-Шу» пойызының қозғалысы тоқтатылады. Бұған дейін Атырауға дейін және одан шығатын пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толықтай ала алады.

«Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілді және осыған байланысты жолаушылардың енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды сақтауын сұраймыз», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

526 ОҚУШЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

«АҚТӨБЕЛІКТЕР» ОҚЫРМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

Жыл қорытындысы: өңдеу өнеркәсібіндегі серпінді жобалар және Қазақстанда жаңа тауарлар өндірісін дамыту

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.