«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі үйқамаққа алынды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 28.03.2020 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының әкімі Қ.Искаковқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат түсті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталған тұлғаға ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен күдік келтірілген. Күдікті Қуанышбек Досмаилович Искаковқа қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды.

«Үйқамақ» бұлтартпау шарасының 2 (екі) ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген. Қаулы заңды күшіне енбеген.

Ұқсас ақпараттар

МАЖИЛИСМЕН СИМОНОВ ПОСЕТИЛ РАЙОН

admin_mugalzhar

Қандыағашта жол апаты болды

admin_mugalzhar

Минус 28℃-қа дейін аяз, қатты жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar