«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеліктер аз қамтылған 15 отбасына азық-түлік жеткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу — сауапты іс. Ақтөбе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жаңынан құрылған ақпараттық – ағартушылық штаб және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шарасын өткізді.

Бұл игі іске штаб құрамындағы мейірімді жандар ұйытқы болып, 15 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті.

«Сын сағатта, төтенше жағдай режимінде біздің штаб бейжай қарап отыра алмады. Қиын жағдайда қалған отбасыларға көмектесуді жөн көрдік. Бәріміз «Biz Birgemiz» ұранына үн қосамыз. Отандастарымызды назардан тыс қалдырмаймыз. Бас қосып, бір-бірімізді демеу — ізгілік пен парасаттылық қана емес, жанашырлық деп білеміз», — деді ақпараттық – ағартушылық штабтың жетекшісі Ж.Мұхамбетпайызова.

Ұқсас ақпараттар

Салақтыққа сабақ керек

admin_mugalzhar

Тамызда ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІНЕ МАРАПАТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.