«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Баспанамен қамтамасыз ету бағытында көпбалалы отбасыларға 2 пайыздық жеңілдікті несие беріледі

Баспанамен қамтамасыз ету бағытында көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдік несиелер беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл 49 млрд теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдікті қарыздар беруді жалғастырады», — деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, 5 мың азамат баспанасын жақсартады. Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 млрд теңге сомасына 4 955 несие берген.

Ұқсас ақпараттар

Тазы мен төбет күні: Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

admin_mugalzhar

САНАҚТЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ: 20529 НЫСАН, 68671 АДАМ

admin_mugalzhar

БАҒА ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ӘКЕЛІНУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.