«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде мұқтаж отбасының пәтерақысын төлеп берген полицей марапатталды

Ақтөбе учаскелік полиция инспекторы Бахтияр Жақыпов мұқтаж отбасының жалға алынған пәтерінің ақысын төлеп берген игі іс-әрекеттері үшін ІІМ грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Mugalzhar.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ-де бейнеконференц-байланыс режимінде ТЖ кезінде көзге түскен ҚР ІІО-ның 47 қызметкері мен әскери қызметшілерін ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті. ІІМ басшысы ел үшін қиын кезеңде ІІО қызметкерлері өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, ерекше режимде жұмыс істейтінін еске салды.
Карантиндік іс-шараларға қатысумен қатар олар құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәулік бойы қызмет атқарады.

“Мемлекет басшысы ІІМ қызметкерлерінің ТЖ жағдайында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Оның тапсырмасы бойынша карантиндік іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлер мен әскери қызметшілер лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақымен ынталандырылады. Барлығы жеке құрамнан 52 мыңнан астам қызметкер ынталандырылады”, – деді министр.

ІІМ-де марапатталғандардың арасында Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторы Бахтияр Жақыпов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен “Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін” медалімен марапатталды.
Ақтөбе облысы ЖП басшысы Б. Арыстановтың бұйрығымен екі айлық жалақы көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге дейін қысқартады

admin_mugalzhar

«Шаңырақ» бағдарламасына қатысыңыз

admin_mugalzhar

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.