«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қызылордада төтенше жағдай кезінде ауызашар бергендер жазаланды

Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуірде облыс орталығының тұрғыны өзінің үйінде ауызашар ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын достарын шақырған. Кешкі астан кейін кездесуді олар моншаға барған.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес («Төтенше жағдай режимiн бұзу») бес тұрғынға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды», — делінген хабарламада.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

30 тысяч безработных планируется обучиться в рамках проекта «Бастау бизнес»

admin_mugalzhar

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ЖҰРЫН МЕН ЕЛЕККЕ КӨГІЛДІР ОТЫН БАРАДЫ

admin_mugalzhar