«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оңтүстік Корея өкілдері Ким Чен Ынның неге көрінбей кеткенін айтты

Оңтүстік Корея өкілдері КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның халық алдына неге жиі шықпай кеткенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея тарапы Ким Чен Ын жүрегіне операция жасалған соң ол 3 апта бойы көрінбегенін айтады. Оған Солтүстік Кореяда коронавирус таралуы мүмкін деген қауіп себеп болған. Бұл туралы Reuters жазған.

Оңтүстік Корея ұлттық барлау қызметінің дерегіне сәйкес, КХДР көшбасшысының «денсаулығы нашар» деген ақпарат негізсіз екен.

Осыған қарамастан биыл Ким Чен Ын халықтың алдына 17 рет шығыпты. Ал өткен жылы 50 рет шыққан.

Барлау қызметінің өкілдері бұл жағдайды Солтүстік Кореяда коронавирус таралауы мүмкін деген жағдаймен байланыстырады.

Корея республикасының бірігу министрі бұл пікірді қолдайтынын айтты. Ол Ким Чен Ынның жоғалуын ерекше оқиға деп бағаламайтынын, мемлекет коронавирус инфекциясымен күресу үшін қатал шараларды енгізіп жатқанын мәлімдеді.

Сәуір айының ортасында Солтүстік Корея көшбасшысы атасы, КХДР-ның негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күнін тойлау рәсіміне қатыспаған. Ким Чен Ынның бұл шараға қатыспауынан оның өліміне немесе денсаулығына қатысты алып-қашпа әңгімелер тарады.

Алайда 2 мамырда Ким Чен Ын халықтың алдына шығып, тыңайтқыш өндіретін зауытты салтанатты түрде ашты.

АҚШ президенті Дональд Трамп солтүстіккореялық көшбасшының оралуын жылы қабылдап, бұл туралы Twitter желісінде жазба қалдырды.

Ресми дерекке сәйкес, КХДР-да коронавирус жұқтырудың бір де бір дерегі тіркелмеген.

Ұқсас ақпараттар

«Мұғалжар»: тоқсан жылдық белесте

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЖАМАҒАТТЫ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ЕЛЕК АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.