«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжар ауданында аса ауыр қылмыс 2 есеге азайған

Мұғалжар ауданының прокуратурасы ағымдағы жылдың 4 айы ішінде қылмыстық құқықбұзушылықтардың жай-күйіне талдау жүргізді. Көрсетілген мерзім ішінде аудан көлемінде тіркелген қылмыстар санының оң динамикасы, яғни төмендеуі байқалып отыр.

Қылмыс санаттары бойынша аса ауыр қылмыстар саны 2 есеге, ауырлығы орташа қылмыстар 38,7 пайызға, онша ауыр емес қылмыстар 41,7 пайызға азайған.

Соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау (пәтерден ұрлау, ұялы телефон ұрлау), бұзақылық жасау, жеке адамға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар төмендеген, зорлау, тонау, қарақшылық қылмыстары мүлдем тіркелмеген.

2020 жылы құқықбұзушылық жасаған тұлғалар саны 28,1 пайызға, оның ішінде бұрынғы соттылығы жойылмаған тұлғалар 60 пайызға азайған.
Ел аумағында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты құзырлы органдар тарапынан қылмыстың алдын алу, болдырмау, қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіпті сақтау бағытында профилактикалық іс-шараларды өткізу үлесі артты.

Жалпы әр азаматтың міндеті ол заң талаптарын бұзбау, өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі — қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан аудан тұрғындарын заң талаптарын бұзбауға және қатаң сақтауға шақырамыз.

Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі және оны бұзу жауапкершіліктен босатпайтынын түсіндіреміз.

Мұғалжар ауданының прокуратурасы

Ұқсас ақпараттар

Бала тууына байланысты берілетін төлемдерді тұрғылықты тіркеу орнынан тыс рәсімдеуге болады

admin_mugalzhar

«Мұғалжар» басылымы биыл 90 жылдығын атап өтпек

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА КӘСІПҚОЙ БОКС ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.