«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қаржы пирамидасына алданған Ақтөбе тұрғындары екінші мәрте сан соғып қалды

34 жастағы ақтөбелік ЖШС “Голд” қаржы пирамидасына салынған ақшаны қайтаруға көмектесем деген сылтаумен екі тұрғынды сан соқтырды, деп хабарлайды «Мұғалжар» тілшісі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

2020 жылдың 20 ақпанында 1986 жылы туған ақтөбелік қаржы пирамидасына салынған ақша қаражатын қайтару мақсатында 1992 жылы туған әйелден 1,35 млн теңге көлемінде ақша жымқырған. Әйел полицияға 2020 жылдың маусым айында ғана жүгінген. Сол күні күдікті тағы бір алаяқтық жасаған.

Дәл сондай сылтаумен Батыс-2 шағын ауданында тұрып, 1990 жылы туған Кеңқияқ ауылының тұрғынынан 200 мың теңге көлемінде қаражат алған. Жәбірленуші маусым айында ғана полицияға арызданған.

Аталған іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы “алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерден бағалы заттар мен қаражаттарын бейтаныс немесе мүлде танымайтын адамдарға бермеу керектігін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ГОЛУБОЕ ТОПЛИВО ПРИДЕТ В ДОМА ЖАРЫКЧАН

admin_mugalzhar

7-20-25: Бағдарлама аясында 16,5 мың адамның ипотека рәсімдеуіне рұқсат берілді

admin_mugalzhar

Қазақстанның төрт қаласында ауаның жоғары ластануы күтіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.