«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бейруттағы жарылыстан қайтыс болғандардың саны 100-ден асты

Ливан астанасы Бейруттағы жойқын жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың саны 100-ден асты, — деп хабарлайды РИА Новости

«Бүгінде 4 мыңнан аса адам жарақат алған, 100-ден аса адам қайтыс болған. Біздің топ әлі де іздестіру, құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр», — дейді Қызыл Крест ұйымы өкілдері. 

Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. 

Жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті.

Тоқаев Бейруттағы жарылыстан кейін тапсырма берді

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан халқының саны өсті

admin_mugalzhar

Әзербайжан Таулы Карабахта қаза тапқан сарбаздар санын алғаш рет ресми түрде жариялады

admin_mugalzhar

Халық санағының бірінші кезеңі басталды

admin_mugalzhar