«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әзербайжан Таулы Карабахта қаза тапқан сарбаздар санын алғаш рет ресми түрде жариялады

Әзербайжан Таулы Карабах соғысында қаза тапқан әскер санын алғаш рет ресми түрде жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімет бойынша қақтығыстан 2783 сарбаз құрбан болған. Тағы жүзден астамы із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал Армения билігі құрбан болған әскер санын әлі нақтылы жариялаған жоқ. Бірақ осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі өткен айдың ортасында 2317 армян жауынгері жан тапсырды деп хабарлаған еді. Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан мен Армения арасындағы соғыс 27 қыркүйекте басталып, 10 қарашада тоқтаған болатын.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕМБІ ҚАЛАСЫНА БАРДЫ

admin_mugalzhar

Ембіде локомотив жөндеу депосы жаңғыртудан кейін қайта іске қосылды

admin_mugalzhar