«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда салық саны азаяды

Қазақстанда салық пен төлемдер саны азаяды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрі, 10 төлемақы және 6 алым көзделген. Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады», — деді Дәленов.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, экономиканың аса көп зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді.

«Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленеді. Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. «Кеңейтілген бюджетті» енгізу шеңберінде шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорларды қосу арқылы Мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі», — деді ұлттық экономика министрі.

Ұқсас ақпараттар

САЛЫҚ ТӨЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады

admin_mugalzhar

18 мыңнан астам мұғалім тегін курстан өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.