«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Үндістан коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша әлемде екінші орынға шықты

Үндістан коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты, онда 4,2 миллионнан астам адамнан инфекция анықталған. Бұған америкалық Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтері дәлел, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, елде 4 204 613 жағдай анықталған, ал мұның алдында екінші орында тұрған Бразилияда 4 137 521-ден астам жағдай тіркелген. Бірінші болып АҚШ қала береді, онда Джонс Хопкинс институтының ақпараты бойынша 6,2 миллионнан астам жағдай анықталған. Әлемде жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 27 103 845-ке жетті.

Өткен тәулікте елде дәрігерлер вирус жұқтыру бойынша рекорд көрсеткіш — 90,8 мың адамды анықтаған. Бұл туралы РИА Новости Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрлік мәліметінше, сауыққандар саны елдегі жалпы жұқтыру жағдайларының 77,31 пайызына жетті және 3,25 миллионнан асты. Ауруханаларда 882 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустан қайтыс болғандар саны 71,6 мыңнан асты.

Ұқсас ақпараттар

«ЕМБІ-БІРЛІК» ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

Засуха погубила половину урожая зерновых

admin_mugalzhar

АУДАНДА АЛҒАШ РЕТ КВЕСТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.