«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Банктегі жеке деректерді қалай қорғауға болады

Ресми деректерге сүйенсек, пандемия уақытында онлайн қылмыстар саны едәуір өскен және бұл — әлемдік тенденция болып отыр. Шабуылдар санының өсуіне көптеген ірі компанияның қашықтан жұмысқа ауысу себеп болды, оның ішінде қаржы нарығының ойыншылары да бар, оларңғв клиенттердің ірі мәліметтер базасы және қаржылары қолжетімді. Бүгін біз қазіргі заманғы банктер өз клиенттерінің жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететіндігі жайында, ең бастысы, қаржыларыңызды қалай қорғауға болатынына тоқталамыз.

Қазақстан банктерінде алаяқтар клиенттердің мәліметтер базасынан кез келген ақпаратқа ие болып, жалған қоңырау шалып, олардың шотына рұқсатсыз қашықтан қол жеткізген жағдайдар жиі кездеседі.

Сонымен қатар, киберқылмыскерлер ақпаратты алу үшін банктердің немесе клиенттердің мәліметтер базасы бар ірі компаниялардың қызметкерлерін жалдай алады немесе пара алады, мұндай қылмыскерлер жергілікті банктерге үнемі шабуыл жасайтыны да жасырын емес.

InfoWatch сараптамалық-талдау орталығының деректері бойынша, 2019 жылы банктер, сақтандыру компаниялары, қаржы сегментінің өзге де ұйымдары қызметкерлерінің абайсыздығы немесе заңсыз әрекеттері, сондай ақ, хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылған дербес деректер мен төлем ақпараттарының таралып кету көлемі 27 есе өскен. Барлық осы әрекеттердің жиынтығы бойынша бір жыл ішінде 1,04 миллиардтан астам пайдаланушы жазбалары бұзылған.

Қазақстанда 2020 жылы жеке тұлғалардың интеграцияланған мемлекеттік дерекқорынан шамамен 24,5 мың телефон сөйлесулерінің аудиожазбасы және ондаған гигабайт дербес деректер жинақталған. «Денсаулық сақтау саласындағы сапаны бақылау жүйесінің» осалдығы қазақстандықтардың дербес және медициналық деректерінің таралуына себеп болған.

«Тұрақсыз экономикалық жағдайда, ең алдымен, алаяқтар белсенділігі артады, әсіресе, кепілдендірілмеген жеке сауда несиесіне қатысты  қылмыстар жиілейді. Соңғы жылдары жаңа технологияларды дамытудың арқасында карта алаяқтары, сондай-ақ банк секторына бағытталған кибер алаяқтық даму үстінде. Нәтижесінде, жеке термин «E-skimming» пайда болды, ол карта бойынша алаяқтықты білдіретін ұғым. 2019 жылы және 2020 жылдың басында әлемде ақша аударымдарына қатысты алаяқтық әрекеттер саны едәуір артты», — деп атап өтті ВТБ Банк (Қазақстан) баспасөз қызметі.

Барлық кибершабуылдар қолданушыны қылмыскерлерге құпия деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қауіпті әрекеттерді жасауға мәжбүр етуге бағытталған. Осы мақсат үшін киберқылмыскерлер көбінесе фишингті, зиянды бағдарламалық жасақтаманың жаппай таралуын қамтамасыз етеді немесе құпия сөзді табу технологиясын қолданып, пайдаланушы тіркелгілерін бұзуға тырысады. Банк ВТБ (Қазақстан) қауіпсіздік жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отырады, жалпы ақпараттық технологиялармен қатар, IT технологиялармен айналысуға үлкен көңіл бөледі.

Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көбіне қауіпсіздік қызметі қойған талаптардың сапалы әрі дәл орындалуына байланысты болғандықтан, жеке құраммен мұқият және жүйелі жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өту қажет. Банк ВТБ (Қазақстан) кәсібі мамандар тобы проблемаларды уақытында анықтауды және табуды, сондай-ақ қабылданған шаралардың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Банк жеке ақпарат үшінші тұлғаларға белгілі болған болса, бұл туралы банкке дереу хабарлау қажет екендігіне назар аударады.

Жеке деректерді сақтау және қорғау — бұл банктің жауапкершілігі ғана емес, сонымен бірге клиенттің өзіне де байланысты.

Жеке деректерді қорғау

Бір қарағанда, жеке деректер субъектісінің өзі, яғни сіз бен біз деректердің белгісіздердің қолына түсуі алдында мүлдем дәрменсіз болып көрінеміз, өйткені пайдаланушы деректерін сақтайтын және өңдейтін ұйым осыған жауапты болып көрінеді. Шындығында өзіңіз де осыған байыппен қарауыңыз қажет.

Дербес деректерді қалай қорғауға болады?

  • Несиелік есепті тексеріңіз. Алаяқтық немесе күдікті әрекетті тексеру үшін жылына үш рет несие есебін сұрау ұсынылады.
  • Әлеуметтік желілерде абай болыңыз. Сіздің профиліңіз тек достарыңыз бен отбасы мүшелеріңізге қол жетімді екеніне және онда ең аз жеке ақпарат бар екеніне көз жеткізу үшін әлеуметтік желілердегі параметрлерді тексеріңіз.
  • Сіздің шотыңыздан келетін ескертпелер келіп отыратындай болсын. Егер сіздің банктік шотыңызбен күдікті әрекеттер және белгісіз алушыларға ірі төлемдер туралы хабарлама алуға жазылу мүмкіндігі болса, жазылған дұрыс.
  • Шоттарды үнемі тексеріп отырыңыз. Барлық операциялар туралы үзінділер мен статистиканы тексеріңіз (сіздің, балаларыңыз). Егер сіз күдікті нәрсені көрсеңіз, дереу банкке қоңырау шалыңыз.
  • Ешқашан ешкімге карта немесе шот туралы ақпарат бермеңіз: карталардың пин — және CVV кодтары, Жеке кабинеттің парольдері, SMS кодтары. Тіпті банк қызметкерлеріне де бұл ақпарат қажет емес.
  • Егер сізге адам қоңырау шалып, банк қызметкері болып көрінсе, карта бойынша деректерді хабарламаңыз. Сіз жасамаған карта операциялары туралы сөйлескен болсаңыз да. Кішкене күдік туындаған кезде, телефонды қойып, ресми телефон нөмірі бойынша банкке қоңырау шалыңыз. Олардың қызметкері сізге қоңырау шалды ма деп сұраңыз. Егер солай болса, онымен байланысуды және сөйлесуді жалғастыруды сұраңыз.
  • Биометриялық деректерді жинауға байланысты қоңыраулар кезінде өте сақ болыңыз. Сіздің банкіңізде биометрияны жинау және пайдалану шарттарын біліңіз. Кез-келген сұрақ немесе күдік туындаған кезде банкке өз бетіңізше қоңырау шалғаныңыз жөн.
  • Егер сіз бейтаныс адамнан ақша алсаңыз, аудармадан бас тартқан дұрыс. Олар сізге қоңырау шалып, ақшаны қате аударғанын айтса және оларды карта немесе телефон нөмірі бойынша қайтаруды сұраса, банкке қоңырау шалып, мамандардан «қате» аударымды алып тастауды сұраңыз.
  • Банктен смс-хабарламада келетін аударымдар мен төлемдердің деректемелерін мұқият тексеріңіз. Егер сіз ұялы телефон нөмірін өзгерткен болсаңыз, банкке хабарлаңыз. 

Банкоматтарды пайдалану кезінде сізге не білу қажет:

  • Банкоматты күдікті құрылғылардың бар-жоғын мұқият тексеріңіз. 
  • Кез келген күдікпен банкоматты қолданбаған дұрыс.
  • Қырағы болыңыз және жақын жерде күдікті адамдар бар-жоғына назар аударыңыз.
  • ПИН-кодты теру кезінде пернетақтаны алақанмен жабыңыз.
  • Бейтаныс адамдардан көмек қабылдамауға және оларды диктовкаға операция жасамауға.
  • Банкомат экранындағы ақпаратқа назар аударыңыз. Егер алдыңғы клиенттің жұмысы аяқталмаса, оның аяқталуын күтіңіз.

Сарапшылар құпия ақпараттың ағып кетуінен мықты қорғаныш жоқ екенін айтады. Қауіп-қатердің ландшафты үнемі өзгеріп отырады және күрделене түседі, ал алаяқтар деректерді ұрлаудың күрделі тәсілдерін ойлап табуда. Бастысы өзіңізге байыпты болу, сақтық шараларын сақтау және ең маңыздысы сенімді банк таңдау. 

«Стан.кз»

Ұқсас ақпараттар

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ҚҰМЖАРҒАН МЕН БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

Қазақстанға Еуропадан керқұлан жылқылары жеткізіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.